Жаңалықтар

News youtube video screen

August 8 2017, 04:16 | Orazay Kydyrbayev

Солтүстік Корея: "АҚШ-қа қатал сабақ береміз"

Азия-Океания елдерінің Манилада өткен жиынында Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Ли Юн Хо журналистерге сұхбат берді. Оның айтуынша, КХДР өзінің ядролық бағдарламасына қатысты ешбір елмен ешқандай келісімге келмейді. Ли Юн Хо әлемге Солтүстік Корея зымырандары емес, АҚШ-тың қауіп төндіріп тұрғанын айтады.


Министр АҚШ шабуыл жасайтын болса, Солтүстік Кореяның ядролық қару қолдана отырып, қатал сабақ беретінін хабарлады. Оның айтуынша, өзге мемлекеттердің алаңдамауына болады. Бір ғана шартпен: АҚШ-қа қосылмаған болса.


“АҚШ-тың ақылсыз әрекеті бұл елдің тезірек жойылуына ғана әкеледі” дейді Пхеньян.


5 тамыз күні БҰҰ ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды бірауыздан мақұлдады. Қаулы АҚШ дипломаттарының бастамасымен, Солтүстік Кореяның шілдедегі құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағына жауап ретінде қабылданған.


Жаңа санкциялар бойынша, БҰҰ-ға мүше елдердің Солтүстік Кореядан көмір, темір, қорғасын кені және теңіз өнімдерін импорттауына болмайды. Сонымен қатар, Солтүстік Корея жұмышыларын жалдауға немесе Пхеньянмен бірлескен жобаларды іске асыруға тыйым салынған.

Пікір жазу

Авторизациядан өтуіңізді сұраймыз